[Припев: dudeontheguitar & Hey Monro]
Шынымен-ақ кеткенім бе шарықтап?
Жас балаша тұрмын ба әлде шалықтап?
Көз алдымды мұнарлады-ау ыстық жас
Қайтадан бір қарайыншы анықтап
[Куплет: Hey Monro & dudeontheguitar]
Бір кездері секілді еді алып тау
Биік төбе аласарып қалыпты-ау
Басындағы әз бабамның бейітін
Енді бүгін қиын боп тұр анықтау
Көрген сайын көңіл кірі аршылар
Әркімнің-ақ туған жері бар шығар
Бірақ маған сенсіз әлем тар шығар
Сағынышым ыстық жас боп тамшылар
Туған жерім — сағынышым сарғайған
Құстай ұшып келем саған шалғайдан
Жібек желің еркелетіп елітіп
Жылы леппен сүйіп жатыр маңдайдан
[Припев: dudeontheguitar & Hey Monro]
Шынымен-ақ кеткенім бе шарықтап? (Шарықтап, Шарықтап)
Жас балаша тұрмын ба әлде шалықтап? (Шалықтап)
Көз алдымды мұнарлады-ау ыстық жас
Қайтадан бір қарайыншы анықтап
[Постприпев: dudeontheguitar & Hey Monro & Almaty Symphony Orchestra]
Шынымен-ақ кеткенім бе шарықтап?
Жас балаша тұрмын ба әлде шалықтап?
Көз алдымды мұнарлады-ау ыстық жас
Қайтадан бір қарайыншы анықтап
[Аутро: dudeontheguitar & Hey Monro]
Қайтадан бір қарайыншы анықтап
Қайтадан бір қарайыншы анықтап