[Мәтін "Қиратпа" ft.Raim]
[Шумақ 1: Аль Nasr]
Қиратпа, бұл саған Ирак па?
Осы күнге жете алмай, кешегі қоғам зиратта
Мың дәрі-дәрмек жаныңа шипа ма?
Оқылған мың кітап жанға рахат сыйлап па?
Өлеңдер шимақпен, көңілді ширатқан
Екі ақын жинақпен, ақыл-ес жинатқан
Өз елін қиратқан, құлайды-ау би тақтан
Адамдар қи таптап, таяды ылғи бағыттан
Сахнада кейіпің бір киер той көйлек
Пайданы көздейтұғын сараңның ойы бөлек
Қара жер дөңгелек, қадамды нық бас
Қиянат жасасаң, адам оны ұмытпас
[Қайырмасы: Raim]
Бабадан арман, балаңа қалған
Алақан жерді, егемен елді
Тату бірлікті, отау ұяңды
Бейбіт әлеміңді қиратпа!
Бабадан арман, балаңа қалған
Алақан жерді, егемен елді
Тату бірлікті, отау ұяңды
Бейбіт әлеміңді қиратпа!
[Шумақ : Аль Nasr]
Қиратпа, аяқта тұяқ па?
Итекеш ит түкірмес, су ішер итаяққа
Тіршілік аяқталып, ақырет таяп қалып
Қиямет болады деп, айтылды-ау аятта
Елу мың залымның қолында Иерусалим
Араптың қанына салынған Абу-Дабиің!
Ғалымға бұйырған дін, бәріне бұйырса деймін
Инеге егілгендей, игилға кеткен бе миың?!
Тиынмен төлеген төрелер тірліктің төрінде
Халықты билеген көкелер бірлікті көмуде
Кешегі коммунистер өкінеді әлі көрінде
Қиратып қалдырғаныңды немерең көруде!
[Pre-Chorus: Аль Nasr, Raim]
Қажет емес, ішеріңді лайлау!
Қажет емес, қылышыңды қайрау!
Қажет емес, қанжығаңа байлау!
Қажет емес, жоқ, қажет емес!
Қажет емес, ішеріңді лайлау!
Қажет емес, қылышыңды қайрау!
Қажет емес, қанжығаңа байлау!
Қажет емес, жоқ, қажет емес!
[Қайырмасы: Raim]
Бабадан арман, балаңа қалған
Алақан жерді, егемен елді
Тату бірлікті, отау ұяңды
Бейбіт әлеміңді қиратпа!
Бабадан арман, балаңа қалған
Алақан жерді, егемен елді
Тату бірлікті, отау ұяңды
Бейбіт әлеміңді қиратпа!