[Мәтін “Жауынгер” ft. Alina Gerc]
[Кіріспе: Аль Nasr]
Күштілер күшін салса байтақ ел жоғалмас
Шымыр ет шаршаса нағыз ерді оқ алмас
Бұл жалған өмірдің бағалы тек сапасы
Жырлайтын ауыз көп жетпесе де шамасы
[Шумақ 1: Аль Nasr]
Алатау бөктері шыңында көкбөрі
Бөрінің көп түрін билеген бір бөрі
Көрінен төр көріп, үркітті тағдыры
Көкейге үрей салып, бүркіттің тәкбірі
Азанның үнінен сап түзер қос ұлың
Бойында ғұсылы, ықыластың досымын
Бауыржан, оспанның ізін бас, ізін бас!
Жауың біле жүрсін, қылыштың осуын…
Жол ортада қайтарып, тасада жауды жой
Алаңда ынжық болма, аңқаулықты қой
Рухы биік алыпта тек жалғыз ой
Қазіргі талап осындай, керегін ала ғой
Жаныңа серт беріп, әрекет ет!
Қарқынды жаттығу, мәреге жет!
Тегіңді бағалап, азғынды тәрк ет!
Мәдени код бұл, берілме тек!
[Қайырмасы: Alina Gerc]
Мейлі биік алдыңда тау
Мейлі дейік жадында жау
Жеңбей оны берілмейді-ау!
Берілмейді-ау! Берілмейді-ау!
Берілмейді-ау! Берілмейді-ау!
[Шумақ 2: Аль Nasr]
Түбі шикі, шибөрілер
Үркиді қаһарыңнан, біріккеніңде
Аш бөрілер күйретеді біріккенінде
Дөрекілерді басып ұр, алаңда секіргеніңде
Әке жолын ұлы жалғайды, болса да дала құйын
Ұқсамаса тумағыр, тегіңнен арылу қиын
Тұғыр үйің осы аймақ, ей аға мен інілер
Көңіліңе үңілер даланың бөрілері
Биіктен биікке, білегімде ілікпе
Ей, бөрі налыма, бол алдыңғы шепте
Бағалы етіп затыңды, ер атыңа амал ет
Алді сатып кетсең егер, атаға нағылет
Ертеден бұл қаһар, түзде жау “Айдаһар”
“Аю” дайын айлаға, көздегені бай шаһар
Ар-намыс құрбаны, “алты-алаш” ұраным
Жемге-жем келгенде, аман бол ұрпағым!
[Қайырмасы: Alina Gerc]
Мейлі биік алдыңда тау
Мейлі дейік жадында жау
Жеңбей оны берілмейді-ау!
Берілмейді-ау! Берілмейді-ау!
Берілмейді-ау! Берілмейді-ау!