[Мәтін “Дала Ерлері” ft. Raim]
[Кіріспе: Raim]
Бисмилля деп атқа қондым, көкейімде байғатым
Есімін ер деп атап қойған, байқасын деп қайратын
Мәңгілікте ғой отаным, қорқыта алмайды-ау сұм өлім
Мың өлгендер мың тіріліп, тақымын атқа байлайтын
[Шумақ 1: Аль Nasr]
Қара құлын ат болып, игерді жол торабын
Тітіркене тәні, сылқыта ішті тау бұлағын
Тегі көшпелі, беу, ахау-керім
Текті деп біле жүр, бұл даланың еркектерін!
Ләббай, Раббым, ләббай дейтұғын
Кешегілердің түбін құртқан мына жат ұғым
Ғұнның Еділінен білді кім, опық жерін?!
Танып ал енді, бұл даланың еркектерін!
Үрген ит қамшы жер, әуелі жатып ішер
Байырғы алып ер, толқумен күн кешер
Семсерінің әсері күшті деп айтпас еді
Білмесе егер, бұл даланың еркектерін!
Әскери жаушының, игеріп тау шыңын
Ауырды төмпештеп, жүгіңді арқалаушы ұлың
Құлың болуға даяр, жұлмаланып тілінсе де
Шегедей мықты ер, шекеге оқ тисе де
[Қайырмасы: Raim]
Бұл даланың ерлері, ерлері!
Бұл даланың ерлері, ерлері!
[Шумақ 2: Аль Nasr]
Теңіздің тереңіне батсаң, ерді ойла
Тәніңнен көлеңке кетсе, ерді ойла
Үйде тірлік көп деп мұңайма
Нәпақа тауып жүрген еркектерге оңай ма?
Далаңды өрт жалмап өтсе, ерді ойла
Жесір болып көңіл босаса, ерді ойла
Тау шыңына қыр ассаң, даңдайсыма
Бақыт деу қиын, жалғыз басты мұндайда
Жер шарлап бас, енді ұғасың
Құдірет тауып күш алсаң, ер туарсың
Туған ұлың бұл даланың еркегі болар
Оларға міне, әкенің тегі қонар
Бисмилля деп атқа қондым, көкейінде байғаты
Табиғатында бар қайраты мен айбаты
Қай қатын жоқ қылар, ашып етектерін?!
Байлау қиын, бұл даланың еркектерін!
[Қайырмасы: Raim]
Бұл даланың ерлері, ерлері!
Бұл даланың ерлері, ерлері!
Бұл даланың ерлері, ерлері!
Бұл даланың ерлері, ерлері!